ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ...

12
БОЛАШАҚ жасар ТІЛДЕ, ІСТЕ, ПІКІРДЕ – БІРЛІК! № 40-42 (284-286) жұма, 22 желтоқсан, 2017 жыл • Республикалық қоғамдық-саяси жастар газеті www.arhar.kz Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арма- ны, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі. Бозбала мен бойжеткеннің жүрегінің түкпірінде жүретін түйткілінің бірі көрікті, көргенді, ибалы өмірсерік табу екені де баршаға аян. Міне, осы жастарды отау тігіп, үйлі- баранды ету мәселесіне қазақ өте-мөте көңіл бөлген. Біз бүгін ата-бабамыздың ерте- ден келе жатқан құда түсу жол- жоралғысына аз-кем болса да тоқталып өтуді жөн көрдік. 4 бетте ҚАЗЫБЕК БИ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ОЙЛАР 2 бетте 20 желтоқсан күні сахна саңлағын қаралы халық өзі жарты ғасырдай еңбек еткен әкем те- атрдан шығарып салды. Марқұмның жүрегі 72 жасында Маңғыстау жерінде тоқтаған. Соңғы қоштасар қаралы жиынға барлық дос-жаран, өнерін сыйлайтын барлық халық сағынышпен еске алды. Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Пара- сат» ордендерінің иегері. Қазақстанның Халық әртісі (1993), КСРО Кине- матографистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығы лауреаты (1976). «Құрмет» орденінің иегері (2008), ҚР Тәуелсіздік күніне орай, Алмалы ауданының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби біліктігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатталды. Құман ағамыз 1969 жылдан бастап, М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етіп келген. Ол сахнада О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі» - Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» - Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» - Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановындағы» - Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» - Са- уран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанын- да» - Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» - Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - Қасым, «Ақ кемесінде» - Құлбек, Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» - Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» - Цезарь, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Флори- дор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынын- да» - Фархад сынды негізгі рөлдерді сом- дады. Алаштың бір туар тұлғасы, қазақ киносының Төлегені, Құман Тастанбеков есімі мәңгілік қазақ өнері тарихында ал- тын әріппен жазылып, жасаған жұмысы мен жетістігі, өнер жолы мен үлгілі өмірі жадымызда сақталады. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ҚҰМАН ТАСТАНБЕКОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ 8 бетте АЙЫНА 2 БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРЕТІН ӘНШІМІН Дильхан ИСАЕВ: 5 бетте

Transcript of ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ...

БОЛАШАҚ жасар ТІЛДЕ, ІСТЕ, ПІКІРДЕ – БІРЛІК!

№ 40-42 (284-286) жұма, 22 желтоқсан, 2017 жыл • Республикалық қоғамдық-саяси жастар газеті • www.arhar.kz

Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арма-ны, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі. Бозбала мен бойжеткеннің жүрегінің түкпірінде жүретін түйткілінің бірі – көрікті, көргенді, ибалы өмірсерік табу екені де баршаға аян. Міне, осы жастарды отау тігіп, үйлі-баранды ету мәселесіне қазақ өте-мөте көңіл бөлген. Біз бүгін ата-бабамыздың ерте-ден келе жатқан құда түсу жол-жоралғысына аз-кем болса да тоқталып өтуді жөн көрдік.

4 бетте

ҚАЗЫБЕК БИ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ОЙЛАР

2 бетте

20 желтоқсан күні сахна саңлағын қаралы халық өзі жарты ғасырдай еңбек еткен әкем те-атрдан шығарып салды. Марқұмның жүрегі 72 жасында Маңғыстау жерінде тоқтаған. Соңғы қоштасар қаралы жиынға барлық дос-жаран, өнерін сыйлайтын барлық халық сағынышпен еске алды.

Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Пара-сат» ордендерінің иегері.

Қазақстанның Халық әртісі (1993), КСРО Кине-матографистер одағының мүшесі (1991), Қазақстан Лениндік комсомол сыйлығы лауреаты (1976). «Құрмет» орденінің иегері (2008), ҚР Тәуелсіздік күніне орай, Алмалы ауданының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық, саяси өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби біліктігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатталды.

Құман ағамыз 1969 жылдан бастап, М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет етіп келген.

Ол сахнада О. Бөкеевтің «Құлыным меніңдегі»

- Жан, «Вьетнам жұлдызындағы» - Ұшқыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» - Тәңірберген, Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақан, С. Мұқановтың «Шоқан Уәлихановындағы» - Шоқан, Т. Ахтановтың «Антында» - Са-уран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанын-да» - Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» - Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» - Қасым, «Ақ кемесінде» - Құлбек, Е. Домбаевтың «Біздің кластың қыздарында» - Төлеген, Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» - Цезарь, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» - Флори-дор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынын-да» - Фархад сынды негізгі рөлдерді сом-дады.

Алаштың бір туар тұлғасы, қазақ киносының Төлегені, Құман Тастанбеков есімі мәңгілік қазақ өнері тарихында ал-тын әріппен жазылып, жасаған жұмысы мен жетістігі, өнер жолы мен үлгілі өмірі жадымызда сақталады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ҚҰМАН ТАСТАНБЕКОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

8 бетте

АЙЫНА 2 БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРЕТІН ӘНШІМІН

Дильхан ИСАЕВ:5 бетте

БОЛАШАҚжасар «Адам және қоғам»

13 желтоқсан күні Алма-ты қаласында өткен

«Тәуелсіздік жетістіктің қайнар бұлағы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда білікті саясат-танушылар мен тарихшылар, мемлекеттік орган қызметкерлері мен Қоғамдық Кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері сөз қозғады. Олай болса, ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылған өзекті ой-лармен бөлісуді жөн көрдік.

1. «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлесітігі мен Болашақ Республикалық қозғалысының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Дәурен Бабамұратов «Тәуелсіздік жетістіктің қайнар бұлағы» атты тақырыпта өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда алғаш сөзді бастады:

- Тәуелсіздік алғанымызға бар болғаны 26 жыл толса да, қазіргі уақытта еліміз көркейіп, жанда-нуда. Тәуелсіздікке қол жеткізуде көптеген еңбектер Елбасының бастауымен атқарылды. Дегенмен, азаттыққа қол жеткізуді кешегі 1991 жылдан бастап емес, ары Алашорда зиялыларының қазаққа жасап кет-кен жұмысынан бастағым келіп отыр. 12 желтоқсан Алашорда үкіметінің құрылғанына биыл 100 жыл толуы-на орай, тәуелсіздігімізді Алашорда-мен байланыстырғым келеді. Өткен ғасырда қазақ іс жүзінде феодализм-де өмір сүрді. Қазақ өз жерінде бола тұра өз құқығы мен теңдігін қорғай алмады. Қазақ өз жерін жалға алды. 20 ғасырда толықтай мың жылда бірінші рет қазақ халқы салық төлейтін хал-ге де жетті. Салыққа қолындағы бар шаруасының он пайызын салыққа беріп, жағдайы тым мүшкіл хәлде бо-латын. Сол уақытта қазақтың азын-аулақ білім алған бар болғаны 500-ге жуық тұлғалары Ә.Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов сынды ұлт пен ел алдындағы жауапкершілігін сезінді. Олар байдың баласы бола тұра, халықтың қамын жеп, аз уақытта тілі де, өзі де жоғалып кету қаупі бар қазақ келешегі үшін күресті.

«Хан баласының халыққа өтейтін борышы бар. Тірі болсам, халыққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Ә.Бөкейхановтың сөздері оған дәлел.

Олар феодолизмнен үдерісті білімге,

ғылымға көшуге жол ашып кетті. 10 жылдың ішінде «Алашорданың» идея-сын бүкіл қазақтың жүрегіне жеткізді. Рушылдықты, бөліністі жойды. Конституцияның алғышарттарын жа-зып, теңдікті, бірлікті, заң алдындағы әділдікті, демократиялық принціптерді алғашқы орындарға қойды.

Әр саланың маманы болған ұлт зиялылары түрлі бағытты дамытып, қазақ тіліндегі түсінік пен танымды, к і т а п т а р д ы жасады. Сол у а қ ы т т а С о л т ү с т і к Қ а з а қ с т а н д а 1 0 0 - д е н астам мектеп ашты. Нәзір Т ө р е қ ұ л о в , Ахмет Байтұрсынов қазақ тілі мен әдебиетін қалыптастырды. Саясаттың әдейлеп өзгеруімен қазақ харпін бірнеше рет өзгертсе де, біздің білімді Алаш зиялыларының арқасында ана тілі де, әдебиеті де өлмеді. Сондықтан толықтай қазақ тілінің жүйені олар жасамағанда бүгінгі қазақ тілінің

күйі жойылу алдында тұрған чу-ваш, татар, башқұрт тілдерінің күйіндегідей күй кешуші еді. Ала-шорда үкіметінің тұрақты, табанды, жүйелі, қиямет еңбегінің арқасында бүгінгі Тәуелсіздікке жетіп отыр-мыз. 1991 жылдан бергі жұмысты да жоққа шығаруға болмайды. Әрине, Алашордаға қалай бас исем, одан кейінгі азаттық жылдардағы жұмыстарға да солай бас иемін.

2. Құрманғали Ашанов кәсіпкер. - Өткен тарихымызды бір күнде

айтып шығу мүмкін емес. Алаш зиялыларының азаттық жолда тәрк ет-кен еңбегін елемей кетуге болмайды. Себебі қазақ халқы үшін олар барын салды. «Әлхамдулла 6 миллионбыз» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, сол заман кезеңінде қазақтың саны 6 мил-лион болып, кейін қырғын соғыстардан 2,5 миллионға азайып кеткені де мәлім.

Қ а н ш а м а қиындықты б а с т а н к е ш і р г е н қазақ халқы бүгінде саны 11 милли-оннан асып отыр. Қазіргі

таңда Елбасымыздың арқасында ізденемін, білі аламын деген барша жастарға мүмкіндіктер жасалынған. Тіпті соңғы уақытта кәсіпке қызығып, табыс табудың сырын ашуға ұмтылып жүргендер көп. Бұл жақсы көрсеткіш. Кәсіпкер ретінде өткенімізді ұмытпай, біліммен бүгігі заман кәсібін айналды-

рып, халық қазынасы мен хәл-ауқатын жақсартуға бір адамдай көмектесе білсек, еліңнің дамуына үлес қосқаның деп білемін.

3. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мүсінші, суретші Исмағұлов Жаркен Сүйіндікұлы:

- Құрметті жиынға жиналған көрермендер. Баршаларыңызды қасиетті Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Отанымыздың азаттығы жайлы әңгіме қозғалғанда, Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі зор. Ол тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыттың ішінде Қазақстан Республикасының егемендігін жари-ялап, оны дұрыс даму жолына түсіре білді. Нәтижесінде, Қазақстан Респу-бликасы өзін бүкіл әлемге паш етті, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылды. Спорттағы, өнердегі жетістіктерімізді айтпағанның өзінде, ішкі тұрақтылықтың арқасында сыртқы саясатымыз беки түсті. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Алашордашылардың ісін жүзеге асыру деп білемін. Уақытында білімдеріңізді шындап,

жауапкершілікпен елдің дамуына үлес қосады деп сенемін.

4. «Жас қазақ» газетінің бас редоктарының орынбасары, журна-лист Елдос Өмірзақ:

- Өткенді білмей, келешекті бол-жау мүмкін емес. Алашорда зиялы-лары расыменде 1917-30 жылдары газетті басып, халықтың көзін ашуға өте көп еңбектенді. Қорғасынмен таңба салғандай тарихта аты, артында өшпес мұрасы қалды. Біздің міндетіміз құндылығымызды сақтап қалу. Ел-басы сауатты ұрпақтың қатарының көбейгенін қалайды. Сондықтан алға ұмтылу барлық зиялы мен тұлғаның мақсаты. «Отан от басынан баста-лады» демекші, кез келген азамат отбасындағы таным, тәрбиден баста-са, дұрыс қоғам қалыптастырады. Сондықтан тұғырлы тәуелсіздігімізді тұрақты ұстау, туымызды биіктен түсірмеу үшін ұлтты сүйіп, тарих-ты біліп, болашаққа нық қадам басқанымыз абзал.

5. Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының төрағасы, белгілі экономист, жазушы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекнұр Қисық:

- Бүгінгі іс-шараны өткізіп отырған «Жастар үні» ЖҚБ төрағасы Дәурен Бабамұратовқа алғыс білдіргім келеді. Себебі ол сөз бастап, тәу етер тәуелсіздігіміздің тарихы жайлы біз білмейтін тұстарын тек жастарға ғана емес, бізге де құнды мағұлмат бере білді. Жалпы, «франчайзинг» деген ұғым бренд қалыптастыру сөзімен тұспа-тұс қолданылады. Сондықтан, біз, бүгінгінің буы-ны, келелі келешекті жақындатар жастар Қазақстанның атынан білім де, ғылым да, кәсіп пен өндірісте бол-масын «бренд» қалыптастыруымыз қажет. Еліміздің атын әлемге паш етіп, Стив Джобс, Марк Цукерберг сынды танымал кәсіпкерлерді қазақ арасы-нан шығаруымыз қажет. Сондықтан да барды бағалап, талмай ізденіспен алға ұмтылған жөн. Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасының ерен еңбегі мен Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері, Қазақстанның әлемдегі алпауыт мем-лекеттермен терезесі тең болып, са-яси, экономиалық және әлеуметтік жағынан алғашқы орындарға табан тіреп, дамыған елдердің қатарынан бой көрсетуі жайлы сөз қозғалды. Осы ұлық күнге орай «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 26 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік жетістіктің қайнар бұлағы» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік кон-ференция аса жоғары деңгейде өтті.

Жанерке Серикова

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАЙЛЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ОЙЛАР

Алашордаға қалай бас исем, одан кейінгі азаттық жылдардағы жұмыстарға

да солай бас иемін.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл2

БОЛАШАҚжасар«Адам және қоғам»

ХХ ғасырдың бас кезінде «барым да, бағым да осы

төрт түлік» деп күн кешкен қазақ халқының ауыл шаруашылығын да-мытуды ұсынады. Қазақ үшін ауыл шаруашылығын дамытуға басты кепілдік жер мәселесін реттеп алу еді. Сондықтан Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамындағы отаршыл Ресей тарапынан жасалып жатқан жер қысымына қарсы шығып, оны рет-теу мен шешу жолдарын ұсынып отырды.

Ол қазақ халқының жер кеңдігінің арқасында күн кешіп отырғанын жақсы түсінді, алайда отаршылдық саясат күшейген сайын, жердің тарыла беретіндігін саналық түрде түсінген ұлт көсемі тек қана мал шаруашылығымен емес, отырықшылық егін шаруашылығына көшу қажеттілігін жақсы білді. 1905-1907 жылдар аралығында жер мәселесін қатты талқылап, өзінің бір жазбасында: «Қазақтардың шаруашылық өмірі қазіргі тұрақ ор-нын үнемі ауыстырып, өз малда-рымен тебіндік пен суат іздеу үшін өзгертіп отыратын жартылай жабайы көшпелінің жұпыны экономикасының қарапайым түріне сыймайды. Бұрынғы таза бақташылық шаруашылық бірте-бірте аралас егіншілік-бақташылық түріне орын беруде», - деп жазды.

Ә. Бөкейхан қазақ халқы біртіндеп аралас малшылық-егіншілік шаруашылық түріне өтетінін болжа-ды. Бұл жағдайда, отырықшылыққа өту, оның пікірінше, «егіншіліктің дамуы үшін қолайлы табиғи-тарихи жағдайлары мен экономикалық конъ-юнктурасы» бар жерлерде анағұрлым тез орын алады, және, сәйкесінше, «топырағы нашар, жауын-шашын тапшы және рынок орталықтарынан алыс, егіншіліктің едәуір дәрежеде дамуы мүмкін емес» жерлерде, отырықшылыққа өту орын ала алмай-ды, - деп санады. Осындай маңызды факторларды ескере отырып, ол қазақтар капитализмнің осы кезеңін сырттан күштеп араласусыз, табиғи, эволюция жолымен өтуі керек, олай болмаса, бұл қазақтар үшін қасіретті болуы мүмкін, - деген шешімге келеді. Бұл шешімі мен ойының дұрыстығын отызыншы жылы орын алған қайғылы да қасіретті ашаршылық дәлелдеп берді. Ол сондықтан егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қатар ұстап, қолдан келгенше дамытып отыру керектігін түсінді. Ф.А.Щербиннің ұйымдастыруымен болған экспедицияға белсене қатысып, «Қазақ жерін игеру матералдары» атты еңбек жасақталды. Бұл еңбекте Ф.А.Щербин қазақ жеріндегі мал шаруашылығының көрінісін былайша сипаттайды: «Қазақ малшыларының қыстық қоныстануына қарап, отарлаудың қиындығы туып тұрғанын түсінуге бо-лады. Жер телімін игерушіге қарағанда қазақ малшысына көбірек жер керек, сонымен қатар олардың шалғайлығы мен көшу арасының ұзақтығы да үлкен мәселе. Жай ғана «қыстау» деп ата-латын қоныстың өзіне көптеген күш салу қажеттілігі туындайды: қыстауға үлкен жер, ауыз судың жақындығы, қоныстанған руластармен жақын орна-

ласу, жайылым жердің құнарлылығы мен көшіп-қонудың ыңғайлылығы, ал ең бастысы әр жерге әр түрлі мал түрі түйе, сиыр, қой, жылқы жайғасады. Өйткені түйеге қолайлы жер сиырға, жылқыға қолайлы жер қойға қолайсыз болуы мүмкін. Сондықтан отарлап алу қыинға түсейін деп тұр». Бұл жазбалардан біз сол кезеңдегі мал шаруашылығының көрінісін көре ала-мыз.

Отарлау саясаты кезінде Бөкейханов қазақ халқы үшін мал шаруашылығының қаншалықты маңызды және малды сақтап қалудың қажеттілігі жайлы барынша ашық ай-тып, көтере білді. Мысалы әр түліктің алатын орны жайлы былайша сипат-тайды:

1. «Жылқы қазақ халқы үшін ең маңызды және беделді жануар санала-ды»

2. «Түйе малын қазақтар жұмыс күші ретінде қолданады, онымен киіз үй және үй жабдықтарын тасымалдайды. Сондықтан да түйе ханға да, қарашаға да қымбат»

3. «Қой – бай мен кедей деп бөліп жармай, қазақ шаруашылығы мен жағдайының 1/5 бөлігін құрайды. Қой шаруашылығын дамытумен күллі көшпенділіктің мәдениеті тығыз бай-ланысты. Шын мәніне келгенде қой шаруашылығы қазақ халқының жылқы

мен өзге де мал түрлеріне қарағанда негізгі құраушы шаруашылығы сана-лады».

Көріп отырғанымыздай мал шаруашылығының дамуына және әр малдың ерекшелігіне жеке-жеке тоқталған Ә.Бөкейханов өте көреген адам болған. Ол қазақ халқы үшін төрт түліктің маңызы жайлы былай дейді: «Қазақ шаруашылығы көптеген зерттеушілер айтып жүргендей біртекті және өте қарапайым емес, қазақ шаруашылығы отырған орны мен мал түріне байланысты күрделене береді. Жылқы шаруашылығы үшін шөбі шүйгін жазықтық қолайлы бол-са, қой шаруашылығына тау бөктері ыңғайлы. Барлық шаруашылық түрлеріне өзен суының жақындығы маңызды екендігін айтпаса да түсінікті жайт. Он екі дала уездін екі топқа бөліп тастауға болады – оңтүстік және солтүстік. Оңтүстікте тау көбірек, жер құнарсыз, басты су көздері ретінде ұсақ бұлақтар мен өзендер жатады, шөп қалың емес және құнарсыздау. Мал көбінесе жем арқылы күн кешеді. Сондықтан Оңтүстік бөлікті осылай-ша сипаттаймын және тебінге қолайлы деп атағанмен, шөбі аса құнарлы емес. Ал солтүстік бөлік жазықтықта жа-тыр. Жер құнарлы, негізгі су көздері көлдер мен ірі өзендер, шөп белу-ардан келеді әрі шүйгін, қысы ұзақ әрі қатты, малдың барлығы да қыс

мезгілінде шаруашылық аймағында болады, тек қана жылқы қалың қарды тебінмен аша алатын жерге жіберілуі мүмкін. Сондықтан Солтүстікті шөбі шүйгін аймақ деп атауға толық негіз бар. Жылқы мен мүйізді ірі қара негізгі мал шаруашылығының солтүстікте 1/2 (52,94%) және оңтүстікте 1/3 (29,41%) құрайды, ал қой мен ешкі оңтүстікте 2/3 (68,78%), ал солтүстікте 1/2 (45,75%) негізгі мал шаруашылығының бөлігін құрайды. Оңтүстіктегі әрбір шаруашылық мүйізді ірі қара мен жылқы шаруашылығы жағынан солтүстікке қарағанда екі есе жұпынылау, алайда ешкі және қой шаруашылығы жағынан екі есе ауқымдырақ. Сондықтан солтүстік бөлік шөпті алты есе көбірек жинауға мәжбүр. Мүйізді ірі қара мал шаруашылығындағы ең қорғансыз түлікке жатады, себебі ол тебінге жүре алмайды. Сондықтан қазақтар шөпті қысқа жинауға ыңғайлы аймақтарды мүйізді ірі қараны көбірек өсіреді. Солтүстікте Ертіс пен Есіл өзендері дәл сондай аймақтар болып табыла-ды. Ал жылқы малы қалың қардан қорықпайды, ең бастысы қар астын-да шөп жатса болғаны, тебіндеп күн көреді.Ал қой жарықтық жеммен қатар күртік қарды да арши алады, ең ба-стысы қар қалың болмаса болғаны. Осы себептен де оңтүстік бөлік қойды көбірек өсіреді. Міне осы себептермен де, неліктен оңтүстік аймақта ұсақ малдың, ал солтүстікте мүйізді ірі қара мен жылқының көптігін түсінуге бо-лады. Біз мал шаруашылығын дәл осы талаптарға сай дамытуымыз керек». Міне, осындай сүбелі ойды сол сала-ны толықтай зерттеп, әр өңірді аралап, табиғи жағдайын өз көзімен көрген азамат қана айта алады. Әлиханның барлық зерттеулеріның артында Қазақтың көсегесін көгерту жатқаны анық.

Бұл үлкен, әрі бұрынсоңды болмаған зерттеу еді. Бүгінде Әлихан Бөкейханов көтерген мәселелер өте өзекті. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап жекешелендіруге көшті, ал артын ала индустрияяландыру-ды қолға алды. Бұл үрдістер ауыл шаруашылығының құлдырауы мен құруына алып келді. Бүгінде әлем елдеріндегі ауыл шаруашылығына тиесілі жердің 4 пайызы қазақ жерінде екеніне қарамастан, Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау және ел ішін қамтамасыз етуден арт-та қалып келеді. Сондықтан Әлихан Бөкейханов бабамыз зерттеп, дамы-та беруге тиіс саланың бірі – ауыл шаруашылығы болуға тиіс. Бұл бүгінгі дағдарыс дендеген сәтте бірден қолға алып, өркендетуді күтіп тұрған сала. Мұнай бағасы мен өзге де түсті металдардың құны құлдырағанымен, азық-түлікке деген сұраныс үнемі бола бермек, ал азық-түліктің ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ала-рымыз сөзсіз. Ауыл шаруашылығын дамыту ел экономикасын еңселейді, ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етеді. Бүгінде елімізде ел халқының 47 пайызы ауылда күн кешуде, ал ауылды дамытуға байланысты 74 мемлекеттік бағдарламаның болуына қарамастан ауыл шаруашылығы шатқаяқтап тұр. Бірден-бір себеп Әлихан Бөкейханов

бабамыздай төрт түліктің түрлі тұқымдарын зерттеп, қай аймаққа қай түрі қолайлы екенін зерделейтін жұмыстардың жүргізілмеуінде. Соның кесірінен ежелден келе жатқан асыл тұқымды түліктің жоғалудың алды-на тұрғанын байқамай да қалдық. Сондықтан Әлихан Бөкейханов салған із бойынша, дереу арада еліміздегі мал шаруашылығын өркендетуді қолға алып, мына жұмыстарды жүзеге асыру керек деп ойлаймын:

1. Еліміздегі түліктердің қай аймақта қанша екенін зерттеп, қожалықтардың жай-күйіне қатысты баяндама жасау керек;

2. Асыл тұқымды мал түрлерін көбейтуге қатысты әр ауданда кешенді зерттеу орталықтарын ашып, төрт түлікті асылдандыру жұмыстарын қолға алуға тиіспіз;

3. Мал шаруашылығын дамытуға байланысты тері, былғары өнімдерін өңдейтін орталықтар; сүт өнімдерін қабылдайтын орталықтардың санын көбейтуіміз керек;

4. Етті және сүтті мүйізді ірі қара са-нын көбейту күн тәртібінде тұрып қана қоймай, жүзеге де асуға тиіс.

Бұл жұмыстар тек қана ел нарығын толықтай қазақстандық өніммен қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ Қазақ елін әлемге «аграрлы көшбасшы» деген атпен танымалды етуге өз үлесін тигізбек. Әлихан Бөкейханов бабамыздың: «Әр нәрсені амалын біліп, өз орнына жұмсаса, іс көркейеді. Мал бағуға жұрт шебер болған соң осы малды қазақ айналдырғаны жөн» деп айтқан сөзін жадымызда үнемі ұстау парызымыз. Өйткені қазақтан артық мал шаруашылығын жақсы білетін халық жоқ, бұл техниканы жапоннан артық ешкім білмейді дегенге папа-

пар дүние. Сондықтан бүгінде әлемде техникалық, саяси, әскери жақтан көшбасшы мемлекеттер болғанымен, толыққанды ауыл шаруашылығынан көшбасшы мемлекет жоқ. Бұл орын әлі де болса бос тұр, сондықтан аграрлық көшбасшылыққа Әлиханның айтқан ақылдары мен идеяларын қолдана оты-рып жетуімізге толықтай мүмкіндігіміз бар.

Асхат Қасенғалиев

ӘЛЕКЕҢ АЙТҚАН АСЫЛ ОЙ

Отарлау саясаты кезінде Бөкейханов қазақ халқы үшін мал шаруашылығының қаншалықты маңызды және малды сақтап қалудың қажеттілігі жайлы барынша

ашық айтып, көтере білді.

Бүгінде ауыл шаруашылығы шатқаяқтап тұр. Себебі Әлихан Бөкейханов бабамыздай төрт түліктің түрлі тұқымдарын зерттеп, қай аймаққа қай түрі қолайлы екенін зерделейтін жұмыстардың жүргізілмеуінде.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл 3

БОЛАШАҚжасар «Сыр-сұхбат»

15 желтоқсан күні Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында

қазақтың ұлы биі, қоғам және мем-лекет қайраткері Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмнің тұсау кесер рәсімі өтті. Қазыбек бидің 350 жылдық ме-рейтойына орайластырылған бұл деректі туында жылдық мерейтой-ына орайластырылған бұл деректі туынды «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген.

Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен кинодраматург, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Ав-торлар бұған дейін шығармашылық бірлестікте «Мәди Бәпиұлы» және «Тәттімбет Қазанғапұлы» атты деректі фильмдерді түсірген. Туындының тусаукесері барасында Қазыбек биге

арналған деректі фильмнің авторы әрі тең режиссері Ерлан Төлеутай ағамыздан сұхбат алынған бола-тын. Олай болса, тарихи туындының шығарылымы мен түсірілу барысы қалай жүзеге асқандығын осы сұхбат барысында оқи аласыздар.

- Қаз дауысты Қазыбек би бабамызға арналған деректі фильмді Қазақстанның қай аймағынды

түсірдіңіздер?- Әуелі Қарағанды облысын көктей

өтіп, сонан соң Павлодар облысына шықтық. Бұл өлкелерде Қазыбек би бабамыздың табанының ізі қалған. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да түсірілімдер жүргіздік. Сонан соң, Астана асып, Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеген ғалымдармен сұхбаттастық. Ұлы биден қалған жалғыз жәдігер – ал-тын зерлі шапанды таспаладық. Қайта айналып, Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдық тойына қатыстық.

- Деректі фильмге Қазыбек биіміз жайлы тың ақпараттарды қайдан алдыңыздар?

- Фильмде Қытай мен Ресейдің мұрағатынан Қазыбек биге қатысты құжаттар мен ел аузындағы аңыздар қолданылды. Тарихи құжаттармен

қатар, қойылымдық сахналар енгізілген фильмге еліміздің театр және кино актерлері түсті. Қазыбек бидің рөліне ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, Керей хан рөлімен қалың көрерменге танылған Қайрат Кемалов сомда-ды. Сонымен қатар фильмде Алда-бек Шалбаев, Саят Мерекенов, Іңкәр Әбдіраш, Зарина Кәрмен және Абылай ханның ұрпағы Абылай Қашқынбаев та бой көрсетті. Ал фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі: белгілі қоғам қайраткері, антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі, суретші Кәріпбек Күйіков түсті.

- Деректі фильмді түсіру барысын-да қандай қиындықтар мен естен кетпес сәттер орын алды?

- Қаз дауысты Қазыбек би 1764 жылы ақпан айында қайтыс болғанда қыс қаһарлы, қар қалың болғандықтан, жер аяғы кеңігенші деп баласы Бек-

болат пен Едіге би-лер ұлы бидің мәйітін сөреге сақтауға ұйғарған. Осы қыс айында болған оқиғаны суреттеу үшін Алатаудың асқар биігі – 3800 метрлік «Молодежный» ата-латын биік шыңына шығып, алты қанат үй тіктік. Өйткені мезгіл тамыздың соңы, Алатауға қар түсіп үл г е рмег ен д і к т ен , осылай жаннан

безіп, мәңгі мұздықтарға көтерілуге мәжбүр болдық. Алатаудың құлама жартасты, түпсіз шыңырауларын асып өткеніміздің өзі бір ғажап хи-якая. Тіпті, сол мәңгі мұздықтар жатқан шыңға шығудың өзі өте қауіпті еді. Зарина Кармен деген актрисамыздың өзі жыларман хәлде болып, «мынандай сұмдық болғанда, мен, «Қазақфильммен» келісуші едім. Шыңға шығамын деп олай-бұлай бо-лып кетсем, бала-шағама баскөз бол-сын» деп қорқынышты түсірілім бары-сына назын айтқан болатын. Мінекей, қыста қайтыс болған адамды жазда қалай түсіреміз. Шындыққа жанаспай-ды. Сол шағын, тайғақ бір ғана жол-мен көлікті айдап шыға алатын Коля деген бір ғана орыс бар екен. Сонда әлгі таудың шыңына алып шыққан көлік жүргізуші Коляның айтқаны бар: «Мына биік шыңға алты қанат үй тікпек түгілі, адам баласы шығып

көрмеген ғой» - дейді бізге. Мінекей, естен кетпес сәттер мен жанкештілік оқиғалар орын алған болатын. (күліп)

- Туынды жарыққа шығып, көрермен ықыласына бөленіп отыр. Дейтұрғанмен, фильмнің ав-торы ретінде «әттеген-ай» сәттер қаперіңізде қалды ма?

- Деректі фильмді түсіргенде бұдан да көлемді дүниені жасап шығарғым келген. Алайда, қаржы мәселесіне бай-ланысты «әттең тонның келтесі-ай» деген жағдайлар орын алды. Мәселен, актерді, заманына сәйкес киімді, аттардың өзін табу бір ғанибет. Себебі атты бір күндік түсірілімге жалдау 15 000 теңгені құрайды. Ал актерлердің

алды күніне 2000 арты 500 доллар еңбекақыны талап етеді. Бұл деректі фильмге түскен кәсіби актерлар өзім өмірде жақсы араласатын достарым болғандықтан қаражаты жағынан жеңіл түсті. Деректі фильм қай заман болма-сын қоғамдық ой қалыптастырушы қару екені рас. Алайда, көптеген адам-дарда дұрыс қалыптаспаған түсінікпен деректі фильмді түсіруді қор қылып қойған. Ал менің мақсатым Қазыбек бидің тұлғасын үлкен салтанатпен көрсеткім келген еді. Бірақ, ойдағыны жүзеге асыруға күші жетпейді. Фильмді түсірген операторлардың да еңбегі зор. Қырғызтаннан келген Са-пар Қойшыманов сынды оператор-лар да уақыттың тым тығыздығына байланысты елдеріне қайтып кетті. Мінекей, мұндай маңызды фильмдер 1 жыл асықпай, сапалы етіп түсірілсе, әрбір мезгілдің жаз, қыс, көктем, күз аясында көркем суреттермен, әр жыл мезгілінің бояуымен оқиға түсірілсе, нұр үстіне нұр болушы еді. Жаздың соңы тамыз айында түсірдік те, Қаз дауысты Қазыбек бидің дүниеден өткендігі жайлы оқиғасын 3800 метр биіктікті құрайтын таудың шыңына шығуға тура келді. Жоқтан бар жа-сап, құрастырып дүние жасадық. Киім мәселесіне қатысты да жағдайлар орын алды. Біздің түсіріліммен қатар қазақ тарихы жайлы кино түсіріліп

жатқандықтан костюм жетіспей, ба-рымен фильмді жасап шығардық. Осындай сәтте қынжыласың. Шіркін-ай, біз неге Шәкен Айманов, Ілияс Омаров, Нұртас Оңдасынов, Ілияс Есенберлиндерсіз қалдық деген сау-ал көкейіңде қалады. Жалғыздың үні шықпас демекші, шырылдағанмен бір адамның үнін ешкім естімейді. Сондықтан, қолымыздан келгенінше жақсы дүние жасап шығаруға тырыстық. Қалың көрермен сынауға да, мін тағуына да болады.

- Қаншама әдеби кітаптар мен оқиғаларды оқып көрсек те, дүниеден өткен адамды қыстың күні мәйітін сөреге сақтайтындығы жайлы естіп көрмеппіз. Мұндай ақпаратты қайдан алдыңыздар, қандай дерекке сүйендіңіздер?

- Қазыбек би сөресі деген тас бар. Оның қазіргі таңда тек екі тасы ғана қалған. Оның бірін орыстар, екіншісін ғалымдар Алматыға мұражайға алып кеткен көрінеді. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің де жазуынша, қақаған қыста қайтыс болған Қазыбек биді жерлеу үшін жер де аяз, жиналар ағайын да жете алмаған екен. Сонда Қазыбек би дүниеден өтер шағында: «Бауырдың өті күйетін, қатынның еті күйетін заман-ай. Кәрі қойдай төбенің басын-да жалғыз өлетін болдым ғой»,-деп баласына айтқан екен. Сондықтан баласы Бекболат пен Едіге би барша жұрт жиналып, жер қойны жұмсарған сәтті де күтіп, Қазыбек бидің мәйітін Түркістанға апарып жерлейміз деп келіскен екен. Сондықтан қыстың күні төрт тасты қойып, үстіне керегені жайып, оның үстіне киізге оралған мәйітті орналастырған. Сондақтан бұл көріністе жат дүние жоқ. Олжабайды да, Сұраншы батырды да қазақ мәйітін сөреге сақтаған.

- Деректі фильмді тамашалай оты-рып, Қаз дауысты Қазыбек бимен тірідей жүздескендей болдық. Осын-дай құнды фильмдерді телеарнадан тікелей дәріптеуге қандай жұмыстар қолға алынып жатыр?

- Енді, көп дүние біздің қолымызда емес. Қолымызда болса, бүкіл телеарнаға халыққа көрсетілімге шығарушы едік. Бұл фильмді заңның рұқсатынсыз әлеуметтік желіге шығарсаң, жауапқа тартады. Сондықтан өз ықтиярыммен тарат ал-маймын. Телеарналардың саясаты тым қызық. Атыс-шабыс, түрік пен үнді киноларын жиі көрсетеді. Сол үшін халықтың, жастардың өзге ұлтқа деген көзқарастары өзгеріп, түріктің жігітін көрсе, мойнына жармасатындай хәлге жеттік. Қазақ киностудиясы жаманды-жақсылы кинолар түсірсек те, 100-ден аса фильм мен 30-дан аса қазақ ертегісі шаң басқан сөрелерде көрсетілімге шықпай мұрты бұзылмай әлі жатыр. Бірде-бір телеарна көрсеткен жоқ. Сондықтан алдағы уақытта отандық фильмдерге телеарналардан сұрасын жоғары болып, асыл қазыналарымыз жайлы фильмдер халық көрсетіліміне ұсынылса мақсатымызға бір қадам болсын жеткен болар едік.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Жанерке Серикова

Қазыбек би жайлы деректі фильм жарыққа шықты

Фильмде Қытай мен Ресейдің мұрағатынан Қазыбек биге қатысты

құжаттар мен ел аузындағы аңыздар қолданылды.

Қазақфильм киносту-диясында 100-ден аса фильм мен 30-дан аса

қазақ ертегісі шаң басқан сөрелерде көрсетілімге

шықпай әлі жатыр.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл4

БОЛАШАҚжасар«Салт-дәстүр»

Қазақ құда түсу, некелесу әдет-ғұрпына айрықша мән берген. Елдің салт-дәстүрінде де, мұсылманшылық тұрғысында да некелесу, Алланың алдында жұп болып қосылу, үлкен мағынаға, мәнге ие. Ұл мен қыздың ата-ананың келісімінсіз қосылуына қатаң тиым салынған. Бұл салт-ты бұзғандарды тегіне қарамай ая-усыз жазаланған. Мысалы, ертеде Маңғыстау өңірінде де бірін-бірі іштей ұнатып, әке-шеше разылығынсыз қосылып, атастырған жерге бар-май бата бұзған жәйттер ұшырасып отырған. Ел аузындығы аңыздарға қарағанда Қараған түбектегі «Ақшора-Белтұран»,тау бойындағы «Олжаның қызы мен Қарағұлүмбет», Боза-шы бетіндегі «Қараман-Кежек», «Қаламқас пен Кент» осылай ант бұзып, жазаланғандардың ескерткіші көрінеді.

Қазақта некелесу салтына айрықша мән беріліп, бұл іске көпті көрген, ақыл тоқтатқан адамдардың араласу-ын, кеңес бергенін жөн көрген.

Қазақтың некелесу дәстүрі қыз айттырып, құда түсуден басталған.Жігіттің әкесі немесе туыстары жа-нашыр, жақын адамдарын қыздың үйіне жіберіп, құда түсуге алдын ала келіссөз жүргізетін болған. Бұл топ «жаушы» деп аталған. Егер қыз жағы қарсы болмаса, құда түсудің мерзімі белгіленеді. Қыз жағы жаушыларға немесе олардың жасы үлкендеріне сыйлық ретінде иықтарына шапан жабатын болған. Бұл сыйлық «Шеге шапан» деп аталыпты.

Жаушылардың келіскен мерзімінде жігіт әкесі жақын туыстарының бірін бас етіп бірнеше адамды құдалыққа аттан-дырады, әлде өзі бастап барады.

Құдалық қалың мал,қыздың жасауы, ұзату тойының мерзімі белгіленнен кейін антпен бекітіліпті. Ол үшін қойдың қанын ағаш аяққа құйып, екі жақтың құдалары оң қолының саусақтарын қанға батырып, құдалықтың шар-тын бұзбауға ант береді екен. «Ба-уыздау құда» деген атау осыдан қалса керек.

Ақсақалдар бата бергенде оларға «бата аяқ», ал айттырылған қыз үшін «қарғы бау» атты сыйлықтар беріледі. Бұдан соң екі жаққа «құйрық-бауыр» табағы тартылып, Құдай қосып, анттасқан құда болғандығы жария бо-лады. Қыздың әке-шешесі құдаларға «киіт» кигізіп аттандырады.

Құда болу салты ұл мен қыз бір жасқа толған соң-ақ бастала берген. Келісілген қалың мал жартылай не-месе толығымен беріліп, екі жас оңы мен солын танитын болған соң күйеу жігіт қыз ауылына арнайы сапар шегеді. Бұл «Күйеудің ұрын баруы» деп аталған. Осындай сапарға күйеу жолдас есебінде жөн білетін, ысылған сақа жігіт басшылық еткен.

Олар қыз жағына беретін әртүрлі сыйлықтар, тартулар, кәделік ұсақ-түйек бұйымдар ала шығады. Ұрын келген күйеу тобына қыз аулын-да арнайы үй тігіліп, шағын той қамдастырылады. Кейде осы жерде неке оқылады. Бұл «Ұрын той» деп ата-лады.

Келесі күні кеште қыз жеңгелері әкесінің үйінде қыз бен жігітті оңашалап кездестіреді. Осыдан бастап күйеу қалыңдығымен жасырын түрде кездесе береді, оны «Қалыңдық ойнау» деп атаған. Сөйтіп қалыңдық ойнау кезеңінде ерлі-зайыптылық дәстүрінің

алғашқы түні қыз үйінде өткізілетін болған. Егер қыз бұл сыннан «сүрінсе», оның бұрымы кесіліп масқараланып, әкесінен үлкен кісіге немесе жарымжан кісіге әйелдікке беріледі. «Бұрымың кесілгір», «жарылған жұмыртқа» деген өте жиіркенішті, қарғыс сөздер осын-дайдан пайда болған көрінеді.Мұндай жағдайда күйеу атының тоқымдары тілгіленіп, аулына қайтарылады, ал қыз жағы алған қалың малын мол айып төлеп, кейін қайтарады. Егер бәрі жақсы өтсе, екі жағы бір-бірінен шүйінші сұрап, той жабдығына кіріседі.

Қыздың ұзатылу тойына күйеу то-бын бірқатар қазақ арасында оның шешесі бастап барады. Қыз анасына «Сүтақы», аға-інілеріне ат, ер-тоқым, басқа да ұсақ-түйек кәделерін атай-ды. Ал Маңғыстау қазақтарында күйеу тобына өмір тәжірибесі мол, орта жастағы жақын-жуықтарының бірі бастап барған. Егер күйеу бұрын ұрын бармаған болса, той басталар-дан бір-екі күн бұрын шағын той ұйымдастырылған. Оны «Қыз қашар» деп атап, ұрын келіп, “қалыңдық ой-нау” рәсімдерін жасаған. Осы кеште қыз жеңгелері күйеу жігіттен «Қол ұстатар», «Шаш сипатар», «Төсек са-лар» ырымдарын алып, оларды оңаша кездестірген. Ал тойдан 5-6 күн бұрын

кететін қыз жеңгелерін, сіңлілерін ертіп жақын туыстарын аралап қоштасатын.

Тойдан кейін қыз әкесі үйінде қыз-күйеулерге қонағасы беріліп, бата жа-салады. Аттанарда қыз әке-шешесімен, аға-жеңгелерімен «Сыңсып көрісу» ай-тып қоштасады.

Ұзатылған қыз күйеу ауылына жақындағанда бір топ қыз келіншек қарсы алып, жас келінді жаяулатып әкеледі. Той алдында «Беташар» бола-ды. Келіннің бетін ақын жігіт ашып, өсиет, ақыл-кеңес беріледі. Одан соң шашу шашылып, «Келін көрімдігі» беріледі. Той өткен соң келіннің сәукелесі алынып, жаулық тартыла-ды, екі бұрымының ұшы біріктіріліп шолпы тағылады. Бұл жағдайлар оның күйеуі бар әйелдер қатарына қосылғандығы болып есептеледі. Жас келін бір балалы болғанша төркініне қатынамайтын дәстүр болған. Бұл келіннің жаңа шаңыраққа, жаңа елге алаңсыз үйреніп кетуі үшін істелген. Ал келіншек бір балалы болған соң төркініне баласы мен күйеуін ерте келіп, сағынышын басып қайтатын көрінеді. Бұл «Ұзатылған қыздың төркіндеу салты» деп айтылған. Әкесі 1-2 қара мал, жылқы, түйе, біршама ұсақ мал атаған. Мұны «Төркін сыбаға» деп атаған. Егер қыз әкесі болмаса бұл салтты орындау ағасының міндетіне кірген. Осы сапармен құдалық жол-мен үйлену дәстүрі, оның төңірегіндегі алыс-беріс ырымдары аяқталатын болған.

Міне, осы жоралғы-дәстүрлердің бәрі жас отау босағасының берік,шаңырағының биік болуы-на, ерлі-зайыптылардың тату-тәтті тұрмыс кешуіне негіз салған. Ал бүгінгі күні ше? Кешегі кеңес дәуірінде бұлар ескіліктің қалдығы ретінде қазақ өмірінен аластатылды. Тарихынан, ата-баба салт-дәстүрінен жұрдай дүбәра ұрпақ дүниеге келді. Тәуелсіздік таңы әлдеқашан атса да, орта буын болашақ ұрпаққа өнеге болатындай жолды әлі де үлгі қылар емес. Азаматтық неке де-ген пәле шықты. Бірақ біз бұны келесі мақаланың еншісіне қалдырдық…

Аллаберген Қонарбаев

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы

Қыз өссе елдің көркі...

Ұлы мен қызы өсіп, кәмелетке толған

соң келін түсіріп, қыз ұзату – әрбір әке-шешенің арма-ны, шықсам деген биігі, ең шатты кезеңі. Бозбала мен бойжеткеннің жүрегінің түкпірінде жүретін түйткілінің бірі – көрікті, көргенді, ибалы өмірсерік табу екені де баршаға аян. Міне, осы жастарды отау тігіп, үйлі-баранды ету мәселесіне қазақ өте-мөте көңіл бөлген. Біз бүгін ата-бабамыздың ертеден келе жатқан құда түсу жол-жоралғысына аз-кем бол-са да тоқталып өтуді жөн көрдік.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл 5

БОЛАШАҚжасар «Тағылым»

Дана халқымыз әр уақытта да өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын, ел мен жұрттың қазанатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да жетіп артылады. Оны естір құлақ болса, айтар ауыз қаншама десеңізші. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патри-отизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2050” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастар-ды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған бола-тын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуел-сіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында патриоттық cезімде тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.

Қазіргі кезде жастарымыздың ара-сында Отанды қорғауға деген сана-лы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектеп-те, ЖОО-да және өзге де мекемелер-де патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапын-да адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму ба-рысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемала-рының бірінен саналады. Педагоги-ка тарихына үңілсек, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған тұжырымды ойлар жетіп артылады. Ертедегі грек және рим ойшылдарының (Платон, Ци-церон, Аристотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идеялары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін,

әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалып-тастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.

Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойын-ша, жас ұрпақты отансүйгіштікке бау-луда баға жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмы-сы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табы-лады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Иса-тай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Де-мек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір аза-маты ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кі-табында: “Ұлттық бірліксіз патрио-тизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерек-ше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік бол-мас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі ке-лер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша, па-триотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Ұғым дегеніміз – заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой-тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде ұлттық патри-отизм және Қазақстандық патрио-тизм ұғымдары арқылы Отан, туған

жер, ел, атамекен, мемлекет, халық туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз – бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патрио-тизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру және басқа тәлім-тәрбиелік ұғымдар. Осыларды жан-жақты қозғап жүргізген зерттеу еңбектерімізде педагог, психолог, фило-соф ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікіріне сүйеніп ұлттық патрио-тизмге және қазақстандық патрио-тизмге анықтама беруге ұмтылып жүрміз. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр. Дәстүр - тарихи қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп оты-ратын әрекет пен мінез-құлық ныса-ны, сондай-ақ ілеспе астасқан ғұрып, қағида, құндылық, түсінік болып та-былады.Әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері бар. Дәстүрлердің қай-қайсысыболмасын, олардың бәрі де халықтың күнделікті өмірдегі тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлық ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып. Халқымыздың ежел-ден келе жатқан наным-сенім, салт-дәстүрлері, қазіргі таңда қөптеген ғылыми еңбектерде жарық қөруде.

Біріншіден, дәстүрлердің қай-қайсысы болмасын тәрбиелік мәні зор. Екіншіден, дәстүрдің психологиялық ерекшеліктері, сол дәстүр қалыптасқан халықтың тіршілік бейнесі мен еңбектенуі танылатын сан алуан дәстүрлерден қөрінеді. Мәселен, тәрбиенің негізі болып та-былатын ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың жастар тәрбиесінде мәні зор. Аталған тәрбие ерекшеліктеріне қатысты деректер бойынша оның бірнеше түрлері бар. Соның бірі – от-басы тәрбиесі. Оған ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесінің ерекшеліктері, жа-старды жұбайлық өмірге тәрбиелеу жатады. Қазақ халқы ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, оның өзіндік ерекшелігін ескеріп тәрбиелеген. Халықта қалыптасқан «Ата қөрген оқ жонар» - дегендей, ұл тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, сондай-ақ әнші, күйші, аңшы т.с.с. неше бір өнерлерге, сырт шаруаға, яғни жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Ерте кезден ата-бабаларымыз балалары мен немерелерін ауылдарда өткізілетін той-думанға,айтыстарға, бәйге жарыстары мен жамбы ату сайыстарына қатыстырып жүрген. Тәрбиенің басты шарты үлкендер ел алдында танылған алуан өнерді жастардың бойына біртіндеп сіңірте беру керек деп түсінген. Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсінін шебер суреттеудегі мақсаты жастарды әсем сезімге бөлеудегі

даналықты қөрсетеді. Жалпы ерте кезден қалыптасқан құндылықтардан ертегі, аңыз әңгімелер, жырлар мен термелер, мақал-мәтелдерді ата-бабаларымыздың жастарға айтып беріп, оларды тапқырлыққа,шешендікке, батылдық пен даналыққа ежелгі дәстүрлер негізінде тәрбиелеуі осы пікірдің айғағы.Ерте заманнан дәстүр жастарға білім берудегі негізгі құрал болып келді. Мәселен, ақыл-ой тәрбиесі адам зиялылығының негізі десек, сол арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болып табылатын білім қорымен қаруландыру, ой-лау амал-жолдарын меңгерту, білім мен дағдылар және дүниетанымын қалыптастыру міндетінің шешілетіні хақ. Дәстүрлер негізінде жүргізілетін тәрбиенің жолдары қөп. Соның ішінде адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыру жастар тәрбиесінде өзекті мәселелердің бірі. Құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеті орындау мүмкін емес. Ол күрделі, өйткені құқықтық мәдениет, құқықтық тәрбиенің деңгейімен тығыз байланысты. Атақты Қазыбек, Төле және Әйтеке сынды билер дәстүрлері мен даналығын өмірден алынған пайымдаулары мен сабақтастығын айқындауға болады. Аталған тәрбиенің мәні жастарымызға құқықтық білім беруге, заңды құрметтеуге, құқықтық іс-әрекетке тәрбиелеуге үйрету деп түсінуіміз керек. Осы ретте ұлттармен халықтардың мүдделеріне, құқықтарын қорғау, ұлтаралық қатынастарды сауықтыру, тұрақтылық, кез келген келеңсіз жайттарға жол бер-меу т.б. осындай маңызды мәселелер этнопсихологиялық факторларды ерек-ше ескерудің қажеттілігінде қөрсетеді. Бұл жастардың санасына және қөзқарастарына тәрбие дәстүрлері мен қоғамдық, әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз.

Халқымыз дәстүрге өте бай халықтардың бірі. Жастарды тәрбиелеудегі сан-алуан дәстүрлер қоғамдық өмірдің түрлі салаларына (құқық, мәдениет, саясат, экономика, өнер) да тән. Бірақ бұлардағы дәстүрдің орны мен алатын рөлі әртүрлі. Ежелден қалыптасқан дәстүрлер салт-жыры, әдет-ғұрып, мінез-құлық, қөзқарас нормасы. Ескірген дәстүр өмірде ығысады да,қоғамның дамуы барысын-да жаңа дәстүр қалыптасып отырады. Мәселен кейбір ұлт халық арасындағы дәстүр болған қанды кектің жойылуы. Дәстүрлер ұлттық мәдениетпен тығыз байланысты. Сондықтан мәдениеті дамыған елдің дәстүрі бай болады.

Жастарымыз салт – дәстүрімізді са-насында сақтап ойына ойып тұрып тоқып алса ұтпасақ ұтылмасымыз хақ деп ойлаймын.

Аллаберген ҚонарбаевҚазақстан Журналистер одағының

мүшесі.Маңғыстау ауданы.

ПАТРИОТ БОЛУ – ПАРЫЗЫҢ!

Айтушы ақылды болса,Тыңдаушы дана болады.

Халық мақалы

Ескірген дәстүр өмірде ығысады да,қоғамның да-

муы барысында жаңа дәстүр қалыптасып отырады.

Мәселен кейбір ұлт халық арасындағы дәстүр болған

қанды кектің жойылуы.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл6

БОЛАШАҚжасар

Ұлыбританиядағы Лида университетінің Эману-

эль Голл бастаған жанартау зерттеушілері Исландияда жанар-тау атқылауының жиілігін алғаш рет климаттың жылынуымен сәйкестендіріп, дәлелдеді.

Бұл жаңалықтан соң ғалымдар шөгінді таужыныстарындағы вулкандық күлге талдау жасады.

Исландия - бұл мұз және от елі. Солтүстік аралдардың жанында магма ошақтары жақын орналасқан. Әзірге таудағы тыныштық төмендегі ыстық газдар мен жоғарыдағы қуатты мұздықтар арасындағы тепе-теңдік арқылы бірқалыпты тұр. Егер мұз еріп кетсе, жанартау атқылауы әбден мүмкін.

Ғалымдар жоғарыдағы тұжырымдаманы сандық модель-деу арқылы жасаған. Бірақ, әлі күнге дейін климаттың күрт жылынуы «жанартаулардың мінезіне тікелей әсер етеді» деген нақты дәлел жоқ.

Алайда, табиғат пен тау шөгінділерін зерттеумен айналысатын «Глора» тобы жанартаудың атқылауы климат

әсерінен болатынын алға шығарып отыр. Себебі олар көлдің түбінде орналасқан шымтезек пен шөгінді жыныстардағы вулканикалық күлді зерттеп, алынған ақпаратты өткен дәуірдегі климат жайлы деректермен салыстырған. Нәтижесінде климаттың табиғи ауытқуларына антропогендік жылынуды се-беп қылып отыр.

Осылайша, олар біздің за-манымыздан бұрын 5500-4500 жылдар аралығында вулканикалық белсенділіктің неліктен күрт төмендеп кеткендігін анықтады. Мұның салдары Солтүстік Атлантикадағы атмосфералық айналымның өзгеруі мен мұздықтардың қатуынан болған. Яғни, жанартау климаттағы температураның төмендеуінен кейін арада 600 жыл өткен соң тыныштық кезеңге ауысқан.

Зерттеудің баспасөз хабарла-масына сәйкес, Исландияның жанартау жүйесі 1500-

1850 жылдардағы кішігірім мұздық кезеңнен кейін тыныштықта тұр. Вул-кандар, өз кезегінде, климатқа және адамзат үшін, ауыл шаруашылығы дақылдарының едәуір бөлігіне әсер етеді.

Сондай-ақ, кейбір ғалымдардың

пікірінше, вулканикалық белсенділіктің артуына климаттың өзгеруі ғана емес, топырақ эрозиясы да (бүкіл әлем бойынша осы уақытта) әсер етеді екен.

Батырбек ҚОШҚАРБАЙ

ГЕОЛОГТАР: ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУ ВУЛКАНДАРДЫ ОЯТАДЫ

«Флора және фауна» №40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл 7

БОЛАШАҚжасар «Шоу-бизнес»

- ӨЗІҢІЗ ЖАЙЛЫ АЙТЫП ӨТСЕҢІЗ? - Қарағанды облысы Жайрем

кентінің тумасымын. Мектепті қызыл дипломға аяқтап, медицина сала-сына грант негізіне түстім. Алайда, жоғары оқу орнын толықтай аяқтамай, 3-курстан соң асабалық қызметпен айналысып кеттім. Кейінірек оқуды жалғастырып, сырттай Қазақ ұлттық технология және бизнес университетін тәмамдап, онымен қоса Қазақ ұлттың заң академиясының дипломын ал-дым. Өкініштісі бұл алған білімім мен диплом бойынша бүгінде жұмыс істемеймін. Бүгінде бес ұлдың әкесімін. Әйелім екеуміз шаңырақты берік ұстап, жас отбасылардың арасын-да үлгілі жанұялардың қатарындамыз. Әншілікпе айналысып, халық арасын-да ән салып, аз уақытта тыңдарманның жүрегіне жол тауып үлгердім.

- ӨНЕР ЖОЛЫНА ҚАЛАЙ КЕЛДІҢІЗ?- Әншілікке бала кезден әуес бо-

лып, мектеп жасынан домбыра мен гитараны тартып, түрлі іс-шараларға қатысатынмын. Бала кезден «жігітке жеті өнер де аз» деген ұстаныммен өсіп, өн бойымдағы өнеріммен болашақта әнші боламын деп шештім. Негізі әншілік салаға бет бұруыма бірден бір себепкер болған марқұм Күлпаш әжем болды. Ол кісінің өзі өнер десе, ішкен асын жерге қояр жанның бірі болып, менің өнер жолын таңдауымды қалап, қашанда қолдайтын. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары Бекболат Тілеуханның термелерін, «Нұр-Мұқасан» тобының домбыра-мен айтқан әндерін сүйемелдеп орын-дайтынмын. Алайда, мен әнші болғым келсе де, әкемнің арманы мені ақ ха-латты абзал жан ретінде көргісі келді. Өзімнің таңдауыммен емес, әкемнің қалауымен Астана қаласындағы Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі атандым. Алай-да, медици- на сала-сында грант

негізінде білім алып жүріп, болашақ жарымды кезіктіріп, үлкен өмірге қадам бастым. Өмірдің өзі бір тегіс емес қой. Отбасын құрғаннан кейін 3 жыл оқыған оқуымды тастап, тойларға ән айтуға шығып кеттім. Қатардағы әншіліктен 10 жыл бойы асабалық тізгінді қолыма алдым. Уақыт өте келе көп балалы әке атанғандықтан отбасын асырап, тіршіліктің сарсаңына түсіп, өнер жолы келмеске кеткендей көрінді. Дейтұрғанмен, үйлі-күйлі болған соң, орда бұзар отыз жасқа келгеннен соң, өнер жолына оралуыма себеп болған өмірдегі досым, өнердегі әндерімнің авторы, сазгер Паша Ли деген азамат. Бұл кісі де менің ән айтатын қырымды кездескен тойда байқап, маған арнайы ән жазып беретінін жеткізген болатын. «Періште қыз» деген алғашқы әнім Паша Ли досымның себепкерлігімен дүниеге келді. Алғашқы әнім халықтың көңілінен шығып, тойлар-да хит болып кеткеннен кейін әншілік өнерді одан ары қарай жалғастыруды көздедім. Ізінше тыңдарманның ара-сында жақсы бағаға ие болған «Қазақ қызы» деген ән жарыққа шықты. Бұл екі әніме де бейнебаян түсірдім. Тоқтаусыз шығармашылықпен шалқар шабытыммен жұмыс істеп, алдыңғы әндерімнен арасын суыт-пай «Жаным бол» атты ән шығып,

оған да Астана қаласында бейнеба-ян түсірген болатынмын. Бұл әннің

ерекшелігі өзім бұрыннан ойлап, жүзеге асырамын деген идея болатын. Яғни, «бірінше әйел шекер, екінші әйел

бекер» деген мақалдың айналасында ән мен бейнебаянды шығардым. Бұл әнім де әлеуметтік желіде миллион қаралымға дейін жетті.

- ЖҰРТ ДИЛЬХАН ИСАЕВТЫҢ КЕ-РЕМЕТ ӘНШІ ЕКЕНІН НЕГЕ ЕНДІ ҒАНА БІЛДІ? ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫҢЫЗДЫ НЕГЕ БҰРЫН ТАНЫМАДЫҚ?

- Көп балалы әке болғандықтан және орта жағдайы төмендеу жанұядан шыққандықтан ешқандай демеу болған жоқ. Студент кезімнен отба-сы құрғаннан соң Астана қаласында жатақханада тұрып, тырмысып жұмыс істеудің арқасында жақсы жағдайға жеттік. Тұрмыстың тіршілігімен бас қаламыздан үй алып, көлік мініп, жағдайды туралаймын деп жүргенде шығармашылық пен арманның қайда қалғанын білмей қалдым. Бала-шағаның жағдайын жасаймын деп жүріп, тойда қызмет еттім. Ал бұған дейін шығармашылықпен айналысуға толықтай мүмкіндіктің болмауының бірден бір себебі материалдық жағдайдың болмауы, қалтаның көтермеуі деп айтсам да болады.

- СОҢҒЫ УАҚЫТТА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫҢЫЗДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

- Айына 2 бейнебаян түсіретін әншімін. Себебі бейнебаянды өзіміздің ұйымдасқан шығармашылық топпен түсіреміз. Бейнебаянның түсірілімі, идеясы, құрылымы сынды жұмыстарын өзім жасаймын. «Әзіл өлең» атты бейнебаяным жарық көріп, ондағы басты рөлді @ainuraofficial

деген лақап атпен әлеуметтік желіде танымал актриса Анара Батырхан түскен болатын. Актерлік қырымен қатар қоңыр дауысты, кең диапазонды Анара Батырханмен бірге дует ән жа-зып, бұл жаңа әніміз де тыңдарманға жол тартты. Алдағы жылы бұл дует-пен шырқалған әннің де бейнебаянын түсіретін боламыз. Қазіргі уақытта «Хабар» агенттігінің «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісімін. Жуырда ғана өткен «Жыл таңдауы» жүлдесінің иегері атандым. Болашаққа қойылатын өзгерістер мен ізденістер өте көп. Халықты әлі де болса алдағы уақытта қуантамыз деп ойлаймын. Жақында ғана тағы бір шығармашылық өзгерістің бірі де, бірегейі «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қызылорда облысында «Рухани жаңғыру: Жастарға бағдар» атты жеке концертімді өткіздім. Ән-сапар кешімді сыр елі-жыр елі, қайынжұртым Қызылордадан бастадым. Алдағы уақытта ән-сапар Ақтөбе қаласымен жалғасатын болады.

- ӘНДЕРІҢІЗДІ ЖАЗАРДА ҚАНДАЙ БАҒЫТТЫ ҰСТАНАСЫЗ?

- Барлық әндерім философиялық ойларға толы терме емес, дегенмен ойлаған, тыңдаған адамға ой са-лар, барды бағалауға арналған өмір жайлы көңілді әндер топтамасы. Әнімнің сөздерін өзім жазамын. Менің мақсатым адамдар әндеріме той-да билеп жүрген болса да, ойына ой қосып, ақыл түйсе екен деген ниетпен шығарамын. Мәселен, «Қазақ қызы» деген әнде «Қазақтың қызын сүйсе қазақ жігіт, болмасын өзге ұлттар дәмелі» деген өлең шумақтары бар. Яғни, бұл сөздермен қазақ қыздарының шет елдің жігіттеріне тұрмысқа шықпауларына үндейді. «Өз әйелім шекер екен» деген әнімде де әрбір аза-мат өз жұбайларын бағалап, оларды құтым деп таныса екен, ынтымақты өмір сүрсе екен деген мақсатпен ер азаматтарды үндеймін. Әдемі әзілмен астарлап, ащы шындықты ән арқылы халыққа жеткізіп жүрген жайым бар. Себебі кез-келген ерлі-зайыпты бірін-бірі бағаласа, отбасының шаңырағы шайқалмай, іргесі сөгілмей Қазақстанның болашағы үшін әрбір отбасының қосқан үлесі зор болмақ еді.

- КІМДІ ҮЛГІ ТҰТАСЫЗ?- Өмірде үлгі санайтын тұлғалардың

бірі қайын атамның бажасы Қызылорда облысында «Нұр Отан» партиясының басшысы Құттықожаев Ибадулла де-ген кісі. Бұл кісі «кең болсаң, кем болмайсың» деген ұстаныммен өмір сүретін, ел үшін ерен еңбек етіп жүрген азамат. Ол кісінің жомарттығы мен қолынан келгенше көмегін аямайтын қасиеттерін ерекше бағалаймын. Ойы орамды, от ауызды, орақ тілді, отбасы-на үлгілі әке, Отанына адал қызмет ет-кен жан. Ал енді өнер майталмандары арасында өнерімен өрге жүзіп, қазақ сахнасында ойып тұрып орын алған «Музарт» тобындағы Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Беспаевты ерекше үлгі тұтамын. Осы азаматтар сияқты халықтың қалаулысы, елдің елеулісі болғым келеді.

- СҰХБАТЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Сұхбаттасқан Баян Әлтай

ШОУ БИЗНЕС ПЕН ТОЙ БИЗНЕСТІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ҚАЗАҚ ӘНШІЛЕРІНІҢ БІРІ ДИЛЬХАН ИСАЕВ АЗ УАҚЫТТЫҢ ІШІНДЕ ӘНДЕРІМЕН КӨРЕРМЕННІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛЫП ҮЛГЕРГЕН ӘНШІ. ОЛАЙ БОЛ-СА, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ҮЗБЕЙ АЙНАЛЫСЫП, ӘН ӘЛЕМІ МЕН ӨНЕР ЖОЛЫН-ДА ӨЗ ҚОЛТАҢБАСЫН ҚАЛДЫРУҒА ТЫРЫСЫП ЖҮРГЕН ЖАС ӘНШІ ДИЛЬ-ХАН ИСАЕВТАН АЛЫНҒАН СҰХБАТҚА НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ.

АЙЫНА 2 БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРЕТІН ӘНШІМІН

Дильхан ИСАЕВ:

Әнімнің сөздерін өзім жазамын. Менің мақсатым адамдар әндеріме тойда би-леп жүрген болса да,

ойына ой қосып, ақыл түйсе екен деген ни-етпен шығарамын.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл8

БОЛАШАҚжасар«Кеңес»

Сабырлы болыңыз. Қоршаған ортаңыздағы шынайылықты бағалаңыз. Кім шынымен шешім қабылдайды, ал кім тырнақшаның ішіндегі «шешім» қабылдайды және сіз өмір сүріп жатқан социум қалай жұмыс жасайды. Мәселенің түбіне жетпей тұрып әрекет қылмаңыз, өз ойыңызды айтпаңыз. Жаныңыздағы адамдарды, ішкі полити-каны, бизнесті түсінгенде ғана жұмысқа кірісуге бо-лады.

Үнемі мөлшерінен аз сөйлеуге тырысыңыз. Мәселе тек қана сіздің қабілетіңізді ғана емес сонымен қатар саналығыңызды да көрсетуде. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді деген бар емес па?! Үнемі екеуден біреуін ғана таңдау керек. Сіз адамдарға қалай жасау керектігін үйрете ала-сыз, бірақ өзіңіз оны дұрыс жасай алмайсыз. Басқаша айтқанда ішкі эмоцияңызды үйде қалдырыңыз.

Әрдайым сақ болыңыз. Шын мәнісіне келгенде бар мағына тым жақсы болу, өз уақытыңмен қатар өзгенің уақытын болмайтын әкімшілік істерге құртудың орнына, шынайы заттармен айналысу.

Есіңізге түсіріңіз ғаламтордағы

адамдардың көбі қоғамнан тыс қалғандар. Қандай іс жасамасаңыз да ғаламторда жетістікке жеткен адамдарды қайталауға тырыспаңыз. Қолыңыздан жақсы келетін, қабілетіңіз жететін нәрсе болса, сонымен айналысыңыз.

Егер жұмыс істегеннен басқа дым-мен айналыспасаңыз...

Сіз жұмыс істейтін адам есуас неме-се сіз есуассыз немесе екеуі де.

Ұқсағыңыз келмейтін адам-дардан аулақ жүріңіз. Өйткені кіммен жүрсеңіз содан аумайсыз. «Әлеуметтік» іс-шаралардың көбісі

- бекерге уақыт өткізу. Түскі кез-десулер, кештер, конференциялар да бекерге уақыт өткізу. Мұндай кездесулердің басты міндеті азғантай уақытқа болсын жалғыздықты сезінбеу, бірақ шын мәнісінде сіздер өз жалғыздықтарыңызды ұмыту үшін

жүресіздер.Ақшаңызды сақтаңыз. Ақша сізге

байлық пен жайлылық береді. Өз заңдарыңызды жазыңыз.

Жалпыға бірдейліктен қашыңыз (дресс код, қымбат сағаттар, иерарxия және т.б), өзіңізге ұнайтын нәрселерді орындаңыз.

Өзіңізді өзіңіз үйретіңіз. Ешкім сіздің аузыңызға тамақты шайнап бере салмайды. Кітаптар мен мақалаларды оқыңыз, сұрақтар қойыңыз. Адамдар ақыл айтқанды ұнатады, бірақ ешкім сізді жаңа деңгейге көтермейді.

Бәрін өзіңіз жасаңыз. Сіздің жеке проблемаларыңыз, ол сіздің уақытыңызды алатыны ешкімге маңызды емес.

Әр нәрсенің шығатын есігі бар. Адамдар әдетте өмір сүрмейді, есіктің алдын-да тұрып, өз күштерін айтып айқайлайды. Өмір олардың артында өтіп жатқанын байқамайды.

Жұмсағырақ болыңыз. Ең бастысы бірегей емес екеніңізді ұмытпаңыз. Сізге дейін миллион «бірегейлер» болған сізден кейін та-лай «бірегейлер» болады. Олардың көбісі бос орын болып шығады. Ал сол бірегейлігіңіз неде?

Мұның бәрі нені білдіреді? Бір жағдай туралы ол болмай-ынша ештеңе айтпаңыз. Са-бырлы болыңыз, еңбектеніңіз

және денсаулығыңызға қараңыз. Жоқ амбиция да қабілет те сізді алдыға жыл-жытпайды. Бәрі әлдеқайда жеңілірек. Байқасаңыз, мақалада ол жайында мен бірнеше рет айттым.

Ақнұр ТӘУЕКЕЛ

АДАМҒА АРНАЛҒАН ЕРЕКШЕ КЕҢЕСТЕР

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕМІН ДЕГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАС

Өмірде өз орындарыңызды таппай, бойларыңыздағы жеңіске деген сенімсіздікке алданбас үшін үрейді

жеңуді және жетістікке жетудің қыр-сырын үйренгіңіз келсе, онда төменде жазылған кеңеске назар салыңыз.

№40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл 9

БОЛАШАҚжасар «Жұлдыз жорамал»

ТОҚТЫ2018 жылы сіздің

өміріңізде ерек-ше қуаныш болады. Отбасылық қуанышқа бөленетіп, жұмыста жаңа идеялардың ту-

ындауына септігін тигізеді. Сонымен қатар жаңа шығармашылық табы-стар күтіп тұр. 2018 жыл Тоқтылар үшін табысты болады. Бірақ соған сай еңбек ету керек болады.Бұл жылы сіз көп энергияңызды сарп етесіз. Бірақ нәтижесі де жоқ емес. Отбасы бақытын сақтап қалуға тырысыңыз. Жақындарыңыздың махаббатына жау-апсыз болмаңыз.

ТОРПАҚ2018 жылда сіздің

өміріңіз отбасы және ә р і п т е с т е р і ң і з б е н байланысқан қарым-қ а т ы н а с ы ң ы з ғ а тікелей байланы-сты болып тұр. Сіз

әріптестеріңіздің арқасында өзгелердің және туыстарыңыздың мақсатына қол жеткізу үшін еңбек етесіз. 2018 жылы материалдық жағдайыңызды айтарлықтай жоғарылата аласыз. Сондай-ақ, осыған дейін жасаған еңбегіңіздің нәтижесін көретін жыл болып тұр. Сіз өткен өміріңізде аяқ асты қоштасқан адамды қайта жолықтырасыз. Ол сіздің өміріңізге жаңа леп алып келері анық. Бірақ сіз олардан талап етіп, қайта-қайта есеп-тесер болсаңыз ара-қатынасыңыз тағы ұзақ уақытқа үзілуі мүмкін. Өзіңіз елге жақсылық жасай отырып, адамдардың сеніміне кіргеніңіз дұрыс. Себебі, сыртыңызға шығармастан, іштей біреуді жақсы көргеніңіз ешкімге де пайдасын тигізбейді. Өзіңіз ойлаған жұмысты алып-ұшып орындауға асықпаңыз.Себебі жоспар толықтай жүзеге асу үшін сіздің күшіңіз бен қаржыңыз жетпей қалуы мүмкін.

ЕГІЗДЕРӨз ісіңізді ашуға

толықтай күшіңіз бен тәжірибеңіз жететін жыл болғалы тұр. Биыл білім аламын десеңіз де, саяхатқа шығамын десеңіз де,

шығармашылықта көптеген табыстарға жетерліктей мүмкіндіктер мол бо-лады. Жаңа жылда жұмысыңызда басшыңыз ауысып, көптеген өзгерістер болуы ықтимал. Бұл ауысулар бірнеше уақытқа, ұзақ мерзім жалғасуы мүмкін. Білім алу, шығармашылыққа ауысу сынды жаңа ойларды жүзеге асыруға болады. Осы жылы біраз кедергілер мен қиындықтарға душар боласыз. Бірақ өзіңіздің қайсарлығыңыз бен жақындарыңыздың қолдауының арқасында соңында жақсылыққа жетесіз.

ШАЯН2018 жылы Шаяндар

үшін отбасы мен ба-лалары маңызды рөл ойнайды. Балалар өз жетістігімен қуантып, кейде алаңдауға м ә ж б ү р л е й д і .

Жылдың көп бөлігін махаббатқа мас болып өткізесіз деп айта аламыз. Егерде үйленбеген, тұрмыс құрмаған болсаңыз сізге сезім білдірушілер

қатары бірден артады. Бұрын соңды болмаған жетістікке жетесіз. Жаныңыз қалаған жұмыспен айналысып, спорт, демалыс дегендерге көп уақытыңызды бөлесіз. Осы жылы сіз үшін ең табысты жылдардың бірі болады.

Жылдың екінші жартысында жаңа қызығушылықтар сіздің өміріңізді өзгертеді. Өзіңізді дамыту кезінде туыстарыңыз айтарлықтай қолдау көрсететін болады. Жарыққа шығып, жаңа бастаманы жақсы жүргізуде туыстарыңыздың берген кеңесі үлкен рөл ойнайтын болады.Айналаңыздағы өсек-аянға көңіл аудармаңыз. Күдік туғызатын адамдардан өзіңізді аулақ ұстасаңыз жеткілікті. Олар сізге ешқандай да зиянын тигізе алмайды.

АРЫСТАН2018 жыл

Арыстандарға жаңа табыстар мен жеңістер алып келеді. Бұл жылы өміріңізде көптеген өзгерістер орын алады. Сіз өз

әріптестеріңіз бен достарыңыздың ара-сында бастаған жұмыста, ортақ кәсіпте айтарлықтай, жұрт қызығарлықтай көшбасшы боласыз. Бірақ, бұл бір жылдың ғана жемісі емес. Осыған дейін жұмсаған еңбегіңіздің нәтижесі деп біліңіз.Егер мүмкіндік туып жатса, аздап жалқаулануға да бола-ды. бар уақытыңызды қызметіңізге, кәсібіңізге арнап қана қоймай, ұсақ-түйек шаруаларға да көңіл қойыңыз.Махаббат мәселесіне келер болсақ, Арыстандар бұл жылы жаңа таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық хикаяларды бастан кешеді. Десе де өмір – спорттық жарыс емес. Бақыттың мөлшері махаббатқа құрылған қарым-қатынастар санымен өлшенбейді.

БИКЕШТЕРЖыл бойы тағдыр

Бикештерге өмірін жарқын етіп, жаңа сезім, жаңа ой, жаңа т а н ы с т ы қ т а р ғ а толтыруға талай мүмкіндік береді. Ол

мүмкіндіктерді қолдану-қолданбау олардың өз еркінде. Егер қолдана білсе, келер жыл бастан-аяқ қызыққа толары анық. Ал бас тартса, талай мүмкіндікті, өзгерістерді құр жіберіп, артынан бармағына шайнауы мүмкін.Жұлдыздар Бикештердің аяғы баспаған жерден өз махаббатын табарын айта-ды. Жаңа ел, жаңа сезім, жаңа достар бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің өмірін гүлдендіріп қана қоймай, жүрегін махаббатқа айқара ашып, сезім отын лаулата түседі. Ол, әсіресе, өз жұбын тапқан Бикештерге қатысты.Сары Ит жылы төрт қабырғаға қамалып отыр-май, жиі серуендеуге, саяхаттауға тырысыңыз. Тіпті, әмияныңызда соңғы ақша қалса да, оны шет мемлекеттерге саяхаттауға жұмсаңыз. Сүйіктіңізбен әлемді аралап, сезіміңізді, қарым-қатынасыңызды нығайта түсіңіз.

ТАРАЗЫ2018 жыл үлкен

істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Таразылардың өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы

оларға белгілі бір істі қолға алып, бос

шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады. Жұлдыздар Та-разы қолға алған мақсат-жоспарының бәріне қолдау танытады. Олар манса-бында, кәсібінде, тіпті, шығармашылық бастамаларында табысқа қол жеткізеді.

Мұндай сәттілік жүрегінің жарты-сын іздеген Таразы да серік болады. Жүрегінің таңдауы 2017 жылы Таразы-ларды алдамай, нағыз бақытын таба-ды. Бұл жылы қарым-қатынасыңызды отбасын құру, сәбилі болу тәрізді жаңа деңгейге шығара аласыз.Өмірлік серігін іздеген Таразылар сүйіктісімен қауышады. Бастысы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Егер жүрегіңіз алдыңыздағы адамның сіздің екенін айтса, күмәнданбастан алғашқы қадам жасаңыз.

САРЫШАЯНКелер жылы бұл

жұлдыз белгі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп,

дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ.Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез-келген жымысқы әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған ор-ларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.Олар-ды дер кезінде қолдану не бас тарту Сарышаяндардың өз еркінде. Сарыша-яндар бойындағы үлкен күш, жүрегінің кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Сарышаяндар жолында кезде-скен жанның бәріне жүрегін, сырын ашпағаны жөн.

МЕРГЕН2018 жылы Мерген-

дер бойында бұғып жатқан жаңа да-рын мен қырларын байқайды. Оның ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ қабілеті және

парасаттылығы көп мүмкіндіктерге есік ашып, талай биікті бағындыруға көмектеседі. Жұлдыздар Мергендердің кез-келген салада табысқа жетіп, айы оңынан туатынын айтады. 2018 жылы Мергендер тек өз қызығушылқтарына бар уақытын арнайды. Өз кезегінде дәл осы әрекеті қарсы жыныс өкілдерінің қызығушылығын тудырып, еліктіре түседі. Басқаша сөзбен айтсақ, бұл жылы Мергендерге жаңа таныстар іздеудің қажеті жоқ. Сүйікті ісімен айналысып, саяхаттап, кітап оқып, қызықты тақырыптарды талқылап, те-атр мен көрмелерге барсаңыз болғаны. Жаңа таныстарды Мергендерді өздері-ақ іздеп табады. Бұл жылы Мергендер-ге көз салатын жандар қатары көбейеді. Сондықтан қызғаныш нысанына айналуыңыз ғажап емес.

ТАУЕШКІ2018 жылы

Тауешкілерге бар тәртіп пен ереже-ге бағыну қажет. Ол мақсатыңызға қол жеткізуге

көмектеспесе де, көптеген бәледен, түзетілмес ағаттықтардан құтқаратынына сеніңіз.2018 жылы Тауешкілер үшін махаббат үлкен ай-дын іспетті болса, өздері шалғайдағы жағалаудан ғашығын іздеген кеме ка-питаны рөлінде болады. Себебі жыл бойы тынымсыз махаббатын іздеумен әуреленеді.

Ал бұрынғы сүйіктілері неліктен көңілінен шықпағанын түсіндіруге қауқарсыз. Басқа сөзбен айтқанда, Тауешкілер үшін бұл жыл сезімге толы болмақ. Өз кезегінде берік отбасын, отбасылық бақытты екінші орынға қойып, сезімнің жетегінде еретін Тауешкілер үшін мұның зияны ба-сым. бойындағы бұл сезімді бақылауға алып, махаббатын алыстан іздегеннен бұрын берекеге толы шаңырақ құрғаны жөн.

СУҚҰЙҒЫШ2018 жылы

Суқұйғыш үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Суқұйғыштар жо-лында кездескен м ү м к і н д і к т е р д і ң

барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Суқұйғыштар мақсатына жетудің оңай жолын тау-ып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді.Суқұйғыштар бойындағы үлкен күш, жүрегінің кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Суқұйғыштар жолында кездескен жанның бәріне жүрегін, сырын ашпағаны жөн. Басыңыз ойға, жүрегіңіз сезімге толып тұрса да, олардың барлығын жария етуге асықпаңыз. Шынайы түсініп, ішіңіздегіні қас-қабағыңыздан аңғара алатын жандарды бағалап, шаңырақ құруды ойға алыңыз.

БАЛЫҚТАРБалықтар үшін келе

жатқан 2018 жыл – тосын сыйлар мен күтпеген жағдайлар толы. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық

танытса да, жұлдыздар өзгерістер енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жылға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Керісінше, жоспарлау керек. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз. Олардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана аласыз. Мұнда, ба-стысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.Егер Балықтар бұл кеңеске құлақ асса, тағдырыңыз құндылығы зор сыйлармен қуантады. Ал өзгерістермен күресуге бел шеш-се, табысқа қол жеткізері екіталай. Дегенмен күш-қайратын, ерік-жігерін шыңдай алады. Оның да пайдасы жоқ емес.

Ақнұр ТӘУЕКЕЛ

2018 жылға арналған жұлдыз жорамал

№4-6 (248-250) сейсенбі, 22 / 11 / 2017 жыл10

БОЛАШАҚжасар«Спорт»

САУЛЬ АЛЬВАРЕС РЕВАНШҚА КЕЛІСІМІН БЕРДІ

Кәсіпқой бокстағы екі салмақтан әлемнің экс-чемпионы мексикандық Сауль «Канело» Альва-рес (49-1-2, 34КО) орта салмақтағы WBA(Super), IBO, WBC және IBF чемпионы қазақстандық Ген-надий «GGG» Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реванш өткізуге өз келісімін берді.

Бұл жайлы өзінің сұхбатында Канеллоның промоутері Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді. Оның айтуын-ша, оларға тек Головкиннің командасынан жауап күту қалды. «Біз мәмілені аяқтауға жақынбыз және қазірдің өзінде жетістікке жеттік. Канело жекпе-жекті қалап тұр. Келісімшарт бойынша сұрақтарды шешкеннен кейін нақты жұмыстарға кірісе бастай-мыз. Біздің басты мақсатымыз – реванш. Оны Сауль және халық та қалап тұр. Мүмкін, жаңа жылдан кейін келіссөздерді жалғастырамыз. Қазіргі таңда GGG промоутері Том Леффлердің Геннадимен келіскен жауабын күтудеміз», - деді Гомес. Бұдан бұрын Леф-флер Канело өкілдерімен бірлесіп, келесі жылдың 5 мамырында екінші жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатқанын растаған болатын. Еске сала кетейік бірінші жекпе-жек 2017 жылдың 17 қыркүйегінде T-Mobile аренасында өткен болатын.

ҚАНАТ ИСЛАМ WBO РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чем-пионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді.

WBO жаңартылған рейтингінде Қанат Ислам бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасыпты. Рейтингтің көшін британдық Лиам Смит бастап тұр. Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов орналасқан.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша от-андасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесу-де жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Екі боксшының командасын-да жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесу бәссаудаға қойлады.

БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС СЕРИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МА-УСЫМЫ ҚАШАН БАСТАЛА-ТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Астана арландары» өнер көрсететін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа мау-сымы қашан басталатыны белгілі болды.

WSB жобасының жаңа маусымы ақпан айының бірінші аптасында басталады.

Шамамен жобаның жаңа маусымы 3-4 ақпан күні басталады. Додаға 11 команда түседі.

WSB жобасының чемпионы елордалық «Астана ар-ландары» Азия аймағындағы топта Қытай, Үндістан және Ресей боксшыларымен кездеседі. «Қытай айдаһарлары» мен «Ресей патриоттары» бұл жобада бұған дейін өнер көрсетсе, үндістандық команданың әлі ресми аты да құрамы да белгісіз.

Үндістандық клуб биыл жобаға қатысудан тас тартқан «Өзбек жолбарыстары» командасының ор-нын басып отыр. Ал еуропалық командалар арасын-да жаңадан Хорватияның командасы қосылды. Аме-рика құрылығында Аргентина елінің командасы жоқ.

Айта кетейік, «Астана арландары» - WSB жобасындағы ең табысты команда. Біздің ұжым бұл серияны үш рет жеңсе, тағы төрт рет күміс жүлдегер атанды. Екі рет куболық боксшылар топ жарса, Франция мен Италия командалары бір-бір реттен жеңіске жетті.

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ӨЗДІГІНЕН ЖОҒАЛАТЫН СПРЕЙДІ ОЙЛАП ТАПҚАН АДАМ ФИФА-ДАН 84 МИЛЛИОН ЕУРО ТАЛАП ЕТТІ

АЛЛЕМАНЬЕ ФИФА ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТӨРТ ЖЫЛДАН БЕРІ ҚОЛДАНЫП КЕЛГЕНІ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ ТАЛАП ЕТТІ.

Өздігінен жойылатын спрейді ойлап тапқан бразилиялық кәсіпкер Гейне Аллеманье футбол ойыны кезінде төрешілер қолданып жүрген патент-телген тауары үшін ФИФА ұйымынан 84 миллион еуро талап етті.

Аллеманье ФИФА осы құрылғыны төрт жылдан бері қолданып келгені үшін өтемақы талап етті.

Бразилиялық осы спрейді 2000 жылы ойлап тапқан және оған Spuny деген атау берген. Бірінші рет мұны кәсіби деңгейде 2001 жылы Бразилия чем-пионатында және Жоао Авеланжа кубогында пай-даланды. Spuny құрылғысын кәсіпкер 2002 жылы 29қазанда патенттеген.

2011 жылы Америка кубогында спрей кеңінен қолдана бастады, ал 2013 жылы ол Мороккода өткен әлем біріншілігінде пайдаланылды.

Асет БАЗАРБАЙ

№ 4-6 (248-250) сейсенбі, 22 / 11 / 2017 жыл 11

Редакцияның байланыс телефондары: 8 (727) 392 13 34 Алматы қ., Абай даңғылы, 52В, 529 Кеңсе

[email protected], arhar.kz

Бас редактор:Дәурен БАБАМҰРАТОВБас редактордың орынбасарлары:Рустам САҒАДИЕВ Асхат ҚАСЕНҒАЛИ Жауапты хатшы: Жанерке СЕРИКОВА

2009 жылғы 2 сәуірден бастап шығады

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде 01.06.2012 жылы қайта тіркеліп, №12799-Г куәлігі

берілген. Газет аптасына бір рет шығады.

Меншік иесі ЖҚБ «Жастар үні»

Дизайнер: Данияр ТӘЖІМБЕТ

Тілшілер: Баян ӘЛТАЙ Ақнұр ТӘУЕКЕЛБатырбек ҚОШҚАРБАЙ Асет БАЗАРБАЙ

«Болашақ» газеті редакциясының компьютер орталығында теріліп, беттелді. Суреттердің

сапасына редакция жауапты.Жарнама мәтініне жарнама беруші жауап береді.

Автордың мақалалары редакция көзқарасын білдірмейді, газетте жарияланған материалдарды

сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газет АО «Алматы-Болашак» баспаханасында

басылды. ТАРАЛЫМЫ 1000 дана

Тапсырыс № 2013Мекен-жайы: Алматы, Мұқанов көшесі, 223 В

Республикалық қоғамдық-саяси жастар газеті

«Назар аударыңыз»

БОЛАШАҚжасар

ЖАҢА ЖЫЛ – ОТБАСЫЛЫҚ МЕРЕКЕ ЖӘНЕ ОНЫ ЕРЕКШЕЛЕНДІРІП ТҰРАТЫН ӘР ЖАНҰЯНЫҢ ӨЗІНДІК ДӘСТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ. КӨҢІЛ-КҮЙ ТЕК КӨТЕРІЛІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ҮЙІМІЗ ЖЫЛУЛЫҚ ПЕН МАХАББАТҚА ТОЛА ТҮСЕТІНІ РАС.

Әлем елдері Жаңа жылды салтанат-ты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алу дәстүрі де бір-біріне ұқсамайды.

Мәселен, Жапонияда Жаңа жыл-ды қарсы алу сәтінде қоңырау 108 рет соғылады екен. Венгрияда Жаңа жыл Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Венгрлер — өте ырымшыл халық. Мысалы, үйге бірінші болып әйел кірсе, бақытсыздық әкеледі деп сенеді. Сондықтан қонаққа бірінші бо-лып тек ұл баланы жіберетін болған. Венгрияда Жаңа жылға бір секунд қалғанда ысқыру керек. Яғни осы арқылы олар жын-шайтандарды қуады. Италияда Жаңа жыл мейрамы 6 қаңтар күні басталады. Итальяндықтардың сенімі бойынша, бұл түні сыпырғыш мінген мейiрбан пері Бефана ұшып келеді. Ол кiшкентай алтын кiлтімен есiктерді ашып, балалар ұйықтайтын

бөлмеге кiрiп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен тол-тырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдiң шөкiмiн немесе ұсақ көмiр тастап кетедi екен. Ита-лияда Аяз ата Баббо На-таль деп аталады. Бұл елде Жаңа жылды жаңамен қарсы алу деген ырым бар. Сол себепті, ме-реке қарсаңында итальяндықтар өз т е р е з е л е р і н е н ескi-құсқы зат-тарды сыртқа лақтырады.

Ал өз елімізге келетін болсақ, біз Кеңес О д а ғ ы н а н қ а л ғ а н қ а р а п а й ы м дәст ү рлерді қ о л д а н у д ы тоқтатпадық. Е н д е ш е , Жаңа жыл қарсаңында о р ы н д а -л а т ы н

мерекелік көңіл-күй сыйлап, өмірімізді ғажайыпқа толты-ратын отбасылық дәстүрлер

топтамасын ұсынамыз:- Тәуелсіздік мерекесін

барша халық болып тойлап, Тәуелсіздік

жолында тар жол тайғақ кешкен батырларымызға міндетті түрде тағзым көрсетіліп болған соң, о т б а с ы м ы з -бен үйімізді ә с е м д е у г е

к і р і с е м і з . Ж а ң а ж ы л д ы қ

ш ы р -шам ыз

жарқырап сұлулығымен ерекше там-сандырып тұрады.

- «Жаңа жылды қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» дегенді ұстанатын біз мереке күні үйді шаң-тозаңнан тазар-тып, қарыздарымыздан құтылуға асық боламыз.

- Наурыз көже секілді бұл Жаңа жылдың да өзіндік «ұлттық тағамы» бар. Ол – оливье салаты. Бұл салат-ты жақсы көрмейтін жан жоқ шығар және әркімнің өзіндік ерекше даярлау тәсілдері де бар.

- Жаңа жыл қарсаңында міндетті түрде отбасымызбен теледидар алды-на жинала сала «Ирония судьбы» және «Один дома» фильмдерін тамашалай-тынымыз тағы бар.

- Ең қызықты сәт – дәл түнгі сағат 12:00-де Елбасымыздың құттықтау сөзінен кейін, аулаға жүгіре шығып от шашулар шоуын тамашалау. Жас ша-масына қарамай әркім өзінің от шашу-ын жандыруға асық болады.

Отбасылық дәстүрлерімізді сақтайық! Ғажайыптарға сенуді доғармаңыздар! Аяз Атаға хат жазуды ұмытпайық, достар!

Баян Әлтай

Жаңа жылдық отбасылық дәстүрлер

Негізгі келісімшартқа қосымша келісім қағазы жоғалды.№ -LI –ZH-86\235-Алм от «27» сентебря 2017 года Бейсембаева Айгерім Қайруллаевнамен қол қойылған.

ҚҰЖАТ ЖОҒАЛДЫ!Жаңа жыл мерекесі - әлемдегі қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміз Жаңа жылдан жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жыл, оның тарихы туралы барлығыңыз жақсы білесіздер. Сондықтан біз бүгін Жаңа жыл мерекесі жайындағы қызықты де-ректерге кезек береміз.1. Үйге жаңажылдық шыршаны әкеліп, безендіру адамзат баласына 150 жыл бұрын бұйырған екен. 2. Жаңа жылды орыс патшалығы үш ғасыр бұрын 1 қыркүйек күні атап өткен. Тек І Петр кел-ген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. 3. Аустралия елінде мерекелік дастархан үстіне құс етінен жасалған тағамдар қойылмайды. 4. АҚШ-та Ақ Үй алдында алғаш рет 1895 жылы шыршаға ілінген электрлі түрлі-түсті тізбек жанған. 5. Кеңес кезінде түсірілген «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен!» («Ирония судьбы, или с легким паром») киносы теледидарда 31 желтоқсан сайын 35 жыл көрсетіліп келе жатыр. 6. Жаңа жылда отшашуды не үшін пайдаланатынымызды білесіз бе? Бұл дәстүр Азияда қалыптасқан. Фейерверктің шу мен оттарынан жамандық атаулы қашады деп есептеген. 7. Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласына әлемдегі ең биік шырша орнатылған. Оның биіктігі – 76 метр. 8. Аяз Атаның немересі болған Ақшақар тек 20-ғасырдың 50-жылдарында ғана «дүниеге кел-ген». 9. 1516 жылы Англияда Генрих VIII-нің үйінің есік алдына құрылған шырша алтыннан құйылған. 10. Жаңажылдық шыршаны безендіру ең алғаш Эльзас (сол кездерде Германия құрамында болған, қазір Франция елінде) қаласында бастау алған. Безендіру үшін түрлі-түсті қағаздардан раушан гүлдерін жасаған. Шырша бұтақтарына алма, печенье, шақпақ қанттар мен жылтырақ әшекейлерді ілген.

Жаңа жыл мерекесі туралы қызықты деректер

БОЛАШАҚжасар №40-42 (284-286) жұма, 22 / 12 / 2017 жыл12